Елордада 24 «Жайлы мектеп» салынып жатыр

Астаналық мәслихат депутаттары «Жайлы мектеп» құрылысының аяқталу барысын тексерді.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мектептердің ішкі әрлеу, көршілес аумақты абаттандыру және көгалдандыруына қатысты бірқатар ескертулер жасады.

Айта кетейік, елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2024 жылдан 2025 жылға дейін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

«1 қыркүйекке дейін 13 800 орындық 8 мектеп пайдалануға беріледі, тағы 7 мектеп 2024 жылдың соңына дейін есігін айқара ашады. Бұл 15 мектеп 6 үш ауысымды және 9 тығыздалған мектеп бойынша мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жайлы мектептердің құрылысы, сапасы мен орындалу мерзімі бойынша келесі аптада жеке жиналыс өткіземіз», — деп жазды Е.Каналимов.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *