Өскеменде блефаропластикалық ота жасатқан әйел ауруханада көз жұмды

Өскемен қалалық № 2 соты блефаропластикалық ота жасатқан әйелдің өліміне қатысты істі қарады.

Қалалық соттың мәлімдеуінше, косметологиялық қызмет көрсетумен айналысатын К. есімді әйел клиенттерінің біріне блефаропластика отасын жасау кезінде А.-ны көмекші- ассистент болуға шақырған. Отадан кейін пациенттің бетінде ісік пайда болған соң оған ине салуды тапсырады.

Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаса да А. пациентке сынама ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон салған. Осыдан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, облыстық мамандандырылған медициналық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді.

Сот үкімімен А. 2 жарым жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар оған 3 жыл бойы медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды.  Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *