Балалы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен баспана бағдарламаларына шолу.
Бала күтіміне байланысты төлем
Бала туған кезде ата-аналарға біржолғы жәрдемақы төленеді. Оның көлемі баланың нешінші болып туғанына байланысты есептеледі. Бірінші, екінші және үшінші балаға шамамен 140 мың теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 230 мың теңгеден астам төлем қарастырылған.
Сонымен қатар бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Жұмыс істемейтін ата-аналар бұл төлемді мемлекеттен алады, ал ресми жұмысы бар азаматтарға қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға көпбалалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Төлем көлемі бала санына қарай өзгереді.
Көпбалалы отбасыларға арналған көмек
Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:
- төрт балаға – 16,03 АЕК;
- бес балаға – 20,04 АЕК;
- алты балаға – 24,05 АЕК;
- жеті балаға – 28,06 АЕК;
- сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.
Атаулы әлеуметтік көмек
Табысы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) үміткер бола алады. Бұл көмек жан басына шаққандағы табыс кедейлік шегінен төмен болған жағдайда беріледі.
Баспана мәселесін шешуге арналған мемлекеттік бағдарламалар да жалғасады. Соның бірі – Отбасы банк жүзеге асыратын жеңілдетілген ипотека. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы көпбалалы, толық емес және ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар 2-5% мөлшерлемемен несие рәсімдей алады.
Сондай-ақ әкімдіктер тұрғын үй сертификаттарын береді. Бұл – бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған бір реттік көмек. Әдетте оның көлемі 1-1,5 млн теңгеге дейін жетеді.
Мемлекет жалдамалы пәтер ақысының бір бөлігін де субсидиялайды. Мұндай көмек табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Одан бөлек коммуналдық қызмет ақысы отбасы табысының белгілі бір бөлігінен асып кеткен жағдайда тұрғын үй көмегін рәсімдеуге болады. Әр өңірде бұл шек әртүрлі белгіленеді.
Жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектің басым бөлігін eGov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеуге болады.
Баспана кезегіне тұру



