Президент отбасы құндылығы туралы: Қазір әлемде геосаяси идеологемалар дәріптеліп жатыр

Орталық Азия елдері ортақ тарихтың жарқын беттеріне көбірек назар аударуға тиіс.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне жариялаған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында осындай ой айтады.

«Тарихи жадымыз – халықтарымыздың ұлттық сана-сезімінің мызғымас тұғыры. Біз ата-бабаларымыздың жетістіктерін және бай мәдениетімізді мақтан тұтамыз. Осы орынды мақтаныш қазір барша ұлттың табысты дамуына, сондай-ақ олардың болашаққа сеніммен қадам басуына қуатты серпін береді. Сондықтан біз ортақ тарихымыздың жарқын беттеріне көбірек назар аударуға тиіспіз. Орталық Азияның жалпы тарихын түркі, парсы, араб, қытай, Ресей және Батыс Еуропа дереккөздеріне сүйеніп жазу маңызды міндет деп санаймын», — дейді Президент.

Автор өңірдегі бауырлас елдер ортақ рухани кодты көздің қарашығындай сақтауы керек деп есептейді.

«Жаһандық бәсекеге қабілетімізді арттыру үшін біз бірлігімізді сақтай отырып, ортақ мақсаттарға үздіксіз ұмтылуымыз керек. Ұлы Абай «Бірлік – ақылға бірлік» деп бекер айтпаған. Қазір жер жүзінде геосаяси жобалар мен идеологемалар дәріптеліп жатыр. Мұндай жағдайда біз өзімізге тән қонақжайлық, ынтымақ және өзара қамқорлық сияқты қасиеттерімізді, сондай-ақ отбасылық құндылықтарымызды және басқа да озық дәстүрлерімізді қамтитын рухани-мәдени кодымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек», — деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *