Көрші мемлекетте қылмыс жасап, қашып кеткен азамат Павлодарда ұсталды

Павлодарлық жедел уәкілдер көрші мемлекеттің іздеуде жүрген азаматын анықтап, қолға түсірді. Ол бұдан екі жыл бұрын өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіріп, қашып кеткен.

Павлодарлық жедел уәкілдер тергеу органдары мен соттан жасырынған адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізеді. Сондай шаралардың бірінде көрші мемлекеттен қашып келген қылмыскер іздестіріліп, ұсталды.

— Ұсталған ер азамат 2022 жылдың қазан айында көрші мемлекеттің аумағында бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген. Одан соң құқық қорғау органдарынан қашып кетіп, іздеу салынған. Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот төрелігінен жасырынған, қылмыс жасаған 50 -ге жуық қылмыскерді құрықтады, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.

Еске сала кетейік, ТМД бойынша іздеуде жүрген 24 қылмыскер СҚО-да ұсталды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *