АҚ ҚАРҒА МЕН ҚАРА ҚАРҒА

0
167

Кәдімгі қара қарға мейрамханаға кіріп келді.

Ішке кіргеннен кейін ол бір бұрышта отырған тәкаппар ақ қарғаны бірден байқады.

Түсі әдемі және тәкаппар.

«Менің қай жерім кем.»

Ол сөреге жақындап, әмиянын көрсетіп айқайлады.

«- Қызметші! Мен осы мейрамханада отырған ақ қарғадан басқа барлық қарғаларға тамақ сатып алғым келді.»

Даяшы ақшаны алып, ақ Қарғадан басқа барлық қарғаларға тамақ тарата бастады.

Ақ қарға қара қарғаға алғыс айтады:

«-Рахмет сізге…»

Бұл сөзді жағымпаздану деп түсінген қара қарғаның кеудесі тіптен ісініп, қатты дауыспен,

«- Қызметші! Ақ қарғадан басқа барлық қарғаларға ең қымбат шарап пен тағы да молырақ  тамақ бер! Ақшасын өзім төлеймін!»

Даяшы ақшаны алып, ақ қарғалардан басқа барлық қарғаларға тегін тамақ пен шарап бергенде, ақ қарға қатты дауыстап:

«- Рахмет!»

Қара қарға,

«- Мына ақ қарға не үшін алғыс айтып отыр? Мен осы мейрамханада одан басқа барлық қарғаларды тамақтандырғанымда,  тек сол ғана жалғыз өзі «рахмет!» дей береді, әлде ақымақ біреу ме?!»

Даяшы,

«- Жоқ… Ол жай ғана осы мейрамхананың иесі ғой.»

МОРАЛЬ:

Әлдебіреуді  «есепке алмай», үнемі басқаларды жек көріп, МЕН-деген аурумен ауырған болсаң ең алдымен ӨЗІҢЕ зиян келтіресің деген салыстырмалы тәмсіл болса керек.

Аударған Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

           

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь