ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҒЫҢДЫ АНЫҚТАЙТЫН ШЕШІМ: (Құмырсқа ма, әлде Шегіртке ме?)

0
126

Егер сен тапқаныңның бәрін жеп бітіре беретін болсаң, кедей күйіңде қала бересің…

Егер өмірің тек той-думан, ішімдік, бақылаусыз демалыс күндерінің айналасында ғана өтетін болса, ешқашан алға жылжымайсың…

Көп адамдар ысырапшылдығын былай деп ақтайды:
«Ертең өлсек, ештеңе алып кетпейміз».

«Бұл дүниеге құр қол келдік, құр қол қайтамыз».

«Бәріміз де бір шұңқырға кіреміз».

Бұл рас…

Біз ештеңесіз келіп, ештеңесіз кетеміз…

Бірақ бұл  қаржылық орташа деңгейде өмір сүруге немесе ақшаны жауапсыз жұмсауға сылтау емес…

Өмір мұны бірнеше ғасыр бұрын-ақ өте қарапайым бір мысалмен түсіндіріп қойған:

ҚҰМЫРСҚА МЕН ШЕГІРТКЕ…

Құмырсқа еңбек етіп, жинап, қор құрып жатқанда,
шегіртке қызық қуып, сән-салтанатты өмір сүріп жүрді…

Ол күліп, мазақтап:

«Ей, ақымақ құмырсқа! Ертең өлсек, ештеңе алып кетпейміз ғой!» — дейтін…

Қыс келді…

Онымен бірге қатал шындық та жетті…

Шегірткенің баспанасы да, асы да, ешқандай жоспары да болмады…

Сосын құмырсқадан көмек сұрап барды:

«Өтінемін, маған көмектесші… Қатыгез болма, өзімшіл болма, бөлісу керек қой…»

Құмырсқа жылы ұясынан былай деп жауап берді:
«Мені мазақтаған сен емес пе едің?.. “Ертең өлсек, ештеңе алып кетпейміз” деген сөздерің қайда қалды?»

Өмірде «қыс» міндетті түрде келеді…

Ол ескертпейді…

Сұрамайды…

Кешірмейді…

Сол кезде бәрі анық болады…

Сен кім болуыңды таңдауың керек:

Шегіртке ме, әлде Құмырсқа ма?

Отбасыңды ойла…

Өзіңді ойла…

Ертең сенде бүгінгідей күш-қуат болмауы мүмкін…

Ертең сен тіптен қартая бересің…

Ертең сен бүгін істей алғаныңның бәрін істей алмауың мүмкін…

Сұрақ өте қарапайым, әрі қатал:

Қартайған шағыңды қандай күйде қарсы алғың келеді?

Өмірде «сәтсіз кездейсоқтық» деген жоқ…

Тек шешімдер ғана бар…

Күнделікті шешімдер…

Үнсіз қабылданған шешімдер…

Жинала келе тағдырды өзгертетін шешімдер…

Бүгін істеп жүргеніңнің барлығы ертеңгі болашағыңды қалыптастырады…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь