ТЕҢГЕ НЫҒАЙЫП, ДОЛЛАР ТАҒЫ ДА АРЗАНДАДЫ

0
42

16 наурызда биржада доллар бағамы теңгеге шаққанда айтарлықтай төмендеді.

Биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 486,2 теңгені құрады.

16 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 486,2 теңге болды.

Жұма күнімен салыстырғанда шетелдік валюта 4,49 теңгеге арзандады.

Қазақстанның айырбастау пунктеріндегі орташа бағамдар келесідей:

  • Доллар: сатып алу – 484-486 теңге, сату – 487-490 теңге;

  • Еуро: сатып алу – 552-555 теңге, сату – 558-560 теңге;

  • Рубль: сатып алу – 6-6,05 теңге, сату – 6,1-6,4 теңге.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 104,46 долларды құрап отыр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың долларға қызығушылығы рекордтық деңгейге жеткені хабарланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь