«АР-ҰЖДАН АЗҒЫНЫ» ДЕГЕН…

0
38

— Мана сіз құлақ үйренбеген: «ар-ұждан азғыны» деген ғажап сөздер қолдандыңыз. Оның мәнісі не?

Бауыржан бірден жауап айта қойған жоқ. Өткен шақтың бір елесі ойына оралып, күлімсіреген Момышұлының сабырлы да сұсты жүзі ажарланып кетті. Дәл осы сәтте менің көз алдымда балдырған, балаң жігіт Бауыржанның бейнесі тұрғандай болды.

— Бұдан көп жыл бұрын, — деп бастады ол, әкем мені қалаға ертіп барған-ды. Біз базардың тұсынан өтіп бара жатқанбыз Сонда мен екі аяғынан бірдей айрылған, басы қалтақтаған бір мүгедекті көріп, қатты шошыдым. Үрейленгенім сонша, әкемнің қолтығына жасырынып, еңіреп қоя бердім. Әкем мені аттан түсірді де, қолымнан жетектеп әлгі мүгедекке апарды: «Мүгедектен қорықпа, балам, ол қорқынышты емес. Дүниедегі ең қорқынышты нәрсе — ар-ұждан мүгедегі, адамның азғыны».

Момышұлының жүзінде тағы да жылы шырай білінді. Осы сәтте мен жауынгердің қатал да сұсты келбетінен әрі үңіліп, әкесінің бауырына тығылған, таңғажайып, бейтаныс әлемге таңырқай қараған қазақ баласының бейнесін айқын көргендей боламын…

 

“Волоколамск тас жолы” кітабынан алынды.

(Сәт Қуантай фб парақшасынан)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь