ҚАРЫНДАШ ПЕН ӨШІРГІШ

0
34

Өшіргіш қарындашқа қарап:

— Сәлем досым!- дегенде қарындаш ашуланып:
— Мен сенің досың емеспін. Сені жек көремін, — деді…

Өшіргіш мұңайып:
— Неге? — деп сұрағанда, қарындаш қарсы сұрақ қойды:
— Сен неге мен жазғанның бәрін өшіре бересің?

— Мен тек қателікті ғана өшіремін, — деді өшіргіш…

Қарындаш:
— Оның саған не керегі бар? — деді.

Өшіргіш:
Мен өшіргішпін. Бұл менің жұмысым.

Қарындаш:
— Бұл жұмыс емес…

Өшіргіш:
— Менің жұмысым сенікіндей маңызды.

Қарындаш:
— Жазатын адам өшіретін адамнан маңыздырақ.

Өшіргіш:
Қателікті өшіру, дұрысты жазумен бірдей.

Қарындаш біраз уақыт үнсіз қалып, мұңайып:
— Сен күн өткен сайын кішірейіп бара жатқан жоқсың ба? -дегенде өшіргіш:
— Иә, әр қателікті өшірген сайын өзімнің бір бөлігімді құрбан етемін, — деді.

Сонда қарындаш:
— Мен де барған сайын қысқарып бара жатырмын, — деді…

— Біз біреуге пайдалы болу үшін кейде құрбандық жасауымыз керек екен, — деді де, өшіргіш:
— Сен әлі де мені жек көресің бе? — деп сұрады.

Қарындаш күлімсіреп:
— Өзгелер үшін екеуміз де құрбан болып жатқанда, мен сені қалай жек көрейін? — деді…

Әр таң атқан сайын өмірден бір күн кемиді…

Егер сен біреудің бақытына себеп болатын жазатын қарындаш бола алмасаң, жақсы өшіргіш бол да, олардың қайғысын  өшіріп, жүректеріне үміт пен жарқын болашақтың дәнін сеп…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь