Ол сегіз миллиард долларларын үлестіріп беріп, өзінде ештеңе де қалдырмай қайтыс болды…
Бұл Чак Финидің тарихы: — Патша сияқты өмір сүре алатын еді, алайда шағын жалдамалы пәтер… он бес долларлық сағатты таңдаған адам…
Фини бүкіл әлем бойынша салықсыз дүкендер салып дәулеті асып-тасқан бай болды…
Ақша оған тез келді…
Бірақ көптің назарында ешқашан болмады…
Он жыл бойы ол у-шусыз ғана өз қаражатын Atlantic Philanthropies қоры арқылы университеттерге, ауруханаларға, ауруларды зерттеуге және халықаралық денсаулық сақтау жобаларына берді…
Ғимаратында оның аты-жөні де жоқ…
Баспасөздерде ақпарат шықпайды…
Қабылдап алушылардың көпшілігі өз бағдарламаларын кім сақтап қалғанын да білмеді…
Оның есімі көпшілікке мәлім болған кезде, тіпті Уоррен Баффеттің өзі оны «Менің қаһарманым» деп атады…
Көп ақша тапқаны үшін емес, көзі тірісінде бәрін бергені үшін…
Фини дәулетін сый деп қабылдамады…
Ол оны құрал ретінде көрді..
Ақша дегеніміз жылжымайтын мүлікті емес, уақытша сақтауға ғана болатын нәрсе деп сенетін…
Өмірінің соңғы жылдарында оның байлығы нөлге жуықтады…
Бұл оның өз жоспарының бір бөлігі болатын…
Ең күшті әсер ететін үнсіз шындық…
Ол қағаз бойынша бай емес болып дүниеден өткенімен, бірақ ықпалы бойынша ең бай адам болып өтті…
Миллиондаған адамдар оқып, сауығып, аман қалғаны оның атақ-даңққа ұмтылмауынан еді…
Жетістікті қатты дауыспен өлшейтін бұл әлемде Чак Фини ең терең мұраны тыныш жүзеге асыруға болатынын көрсете алған болатын…
Р.S: Чак Фини (Chuck Feeney) — ХХ–ХХІ ғасырдың ең танымал құпия филантроптарының бірі, Duty Free Shops (DFS) компаниясының тең құрылтайшысы, байлығын тірі кезінде түгелге жуық қайырымдылыққа жұмсаған адам.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ



