РАМАЗАН АЙЫНДА ЖАСАМАҒАН АБЗАЛ ӘДЕТТЕР

0
208

1.Уақытты бос өткізетін сериал, шоу, ойын-сауық бағдарламаларын көруден тыйылған жөн. Олар жүректі қатайтып, оразаның рухани әсерін әлсіретуі мүмкін.

2.Кешкілік көше кезіп, ойын-сауық қуып, бос әңгіме айтып уақыт өткізбеңіздер.

3.Уақытты пайдасыз ойындарға жұмсамай, сол сәтті отбасыңызбен бірге өткізген әлдеқайда берекелі.

4.Дастарханды суретке түсіріп, жария қылып мақтанудан сақ болыңыздар. Ысырап пен көзге түсу – мұсылманға жараспас іс.

5.Өсек-аяң, ғайбат, бос сөз айтылатын отырыстардан бойды аулақ ұстаңыздар.

6.Телефон мен әлеуметтік желіні орынсыз пайдалану – оразаға үлкен зиян. Егер өзіңізді тежей алмасаңыз, оны шетке қойған дұрыс.

Сондай-ақ мына амалдарға ден қойыңыздар:

  1. Құранды ықыласпен оқып, намазды қаза қылмай, тіл-көзіңізді жаман сөзден сақтаңыздар.
  2. Ағайын-туысты аралап, үлкеннің батасын алып, кішіге ізет көрсетіңіздер.
  3. Ауызашар дастарханыңыздан көрші-қолаңға, мұқтаж жандарға үлес беріңіздер. Бұл – берекенің кілті.
  4. Балаларыңызбен бірге отырып әңгімелесіп, ойнап-күліп, шаңырақтың жылуын арттырыңыздар.
  5. Жұбайыңызға ас қамында қолғабыс етіңіздер. Ынтымақ бар жерде ырыс бар.
  6. Әкелерге аманат: аштықтың қиындығын сабырмен көтеріп, ашуыңызды отбасыңыздан шығармаңыз. Рамазан – сабыр мен мейірім айы.
  7. Жұбайыңызға жылы сөз айтып, еңбегін бағалаңыз. Бір ауыз алғыс – жүрекке қуат.

Рамазан айы құтты болсын! Әр шаңыраққа береке мен мейірім нәсіп етсін

Abdulakhad SMANOV

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь