Бүгін бір ауыр, бірақ өте қажет рухани тақырыпты қозғағым келіп отыр.
Соңғы кезде айналамнан, қоғамнан, тіпті жақын ортадан да
деген секілді тонналаған жүгі бар сөздерді жиі естіп қаламын…
Көбі бұған мән бермейді.
«Аузыма келе салды ғой» дейді.
«Жай сөз ғой» дейді.
Ал өз баласына, немересіне осындай сөз айтылып жатқанын көргенде, жүрек шымырлап кетеді екен.
Өйткені бұл — өте ауыр сөздер.
«Қарғыс ауыздан шыққанда,
ол аспанға көтеріледі.
Аспан есігі жабылады.
Жерге түседі — жер де қабылдамайды.
Сосын оңға-солға кезіп жүріп,
қарғыс айтылған адамға барады.
Егер ол лайық болмаса —
сол қарғысты айтқан адамның өзіне қайтады»
Қазақ мұны бір ауыз сөзбен-ақ айтып кеткен:
«Жүйелі сөз жүйесін табады,
жүйесіз сөз иесін табады.»
Егер сіз:
• балаңызға,
• келініңізге,
• күйеуіңізге,
• малыңызға,
• тіпті бір затыңызға
«нәлет», «қарғыс» айтып қойсаңыз,
Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Қарғыс тиген нәрсемен бізге серік болмаңдар» — деген.
Яғни:
• сол балаңызбен бірге өмір сүресіз,
• сол үйде тұрасыз,
• сол затты қолданасыз.
бүкіл үйге тарайды.
– «Неге береке жоқ?»
– «Неге тыныштық жоқ?»
– «Неге бәрі қиындап кетті?»
Ал жауап кейде өз тілімізде жатады…
Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Қарғыс – мүмінге тән емес»
Мүміннің тілі:
• қарғыс тілі емес,
• дұға мен бата тілі.
— дұға шығарып жүр ме?
— әлде ашумен қарғыс айтып жүр ме?
Есте сақтайық:
ТІЛ — ЖАЙ СӨЗ ЕМЕС.
ТІЛ — ТАҒДЫРДЫҢ БАСТАУЫ.
Егер бұрын бір сәтте ауыр сөз айтып қойған болсаңыз — үміт үзбеңіз.
Тәубе етіп, дұға жасап, түзетуге әрқашан мүмкіндік бар.
Бүгіннен бастап:
• қарғыс сөзді тоқтатайық,
• ашуды тілге емес, сабырға бұрайық,
• өз үйімізді өз тілімізбен бұзбайық.



