«Ғылым мен білім – елдің болашағы»

0
10883
Егер біз шынымен елді дамытуға ниетті болсақ, ең алдымен ғылым мен білімге басымдық беруді үйренуіміз керек. Ғалымдардың жағдайын жақсартып, оларға ең жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік жасамайынша, қандай да бір өрлеуді күту — бос әурешілік.
Бүгінде нағыз ғалымдарды, ой еңбегінің шын майталмандарын халыққа дұрыс таныстырып, еңбегін бағалау орнына, жеңіл-желпі шоу мен уақытша даңқты алға шығарып, соны «мәдениет» деп көрсету белең алып барады. Әрбір көпірген сөз айтып, тыңдарманды күлдірген адамға мемлекеттік марапаттар беріп, соларды тұлғаға айналдырып жатқанда, жастар кімге еліктейді? Әрине, көрінген жерде танымал болуды оңай жол санайды.
Осылайша, жас буын ғылымға емес, жеңіл пайда мен уақытша атаққа ұмтылады. Бірі – шоуға, бірі – тәртібі мен мәдениеті төмен спорт түрлеріне еліктейді. Ал мемлекеттің болашағын ғылымсыз, білімсіз елестету мүмкін емес. Ғылымы дамымаған ел – дамымайды.
Сондықтан мемлекет те, қоғам да ойланатын уақыт жетті. Нағыз құндылық – білім мен ғылым екенін ашық айтып, еңбегі сіңген ғалымдарды дәріптеп, жас буынға үлгі етуіміз қажет. Ғалымның абыройы биік болмай, елдің де абыройы биік болмайды. Ең алдымен ғылымды қолдайтын, білімді қадірлейтін жаңа мәдениет қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз.
Если мы действительно намерены развивать страну, то прежде всего должны научиться отдавать приоритет науке и образованию. Пока мы не улучшим условия труда учёных и не дадим им возможность работать на самом высоком уровне, ожидать какого-либо прогресса — пустая трата времени.
Сегодня вместо того, чтобы правильно представлять обществу настоящих учёных, истинных мастеров умственного труда, и ценить их вклад, мы всё больше продвигаем лёгкие шоу и мимолётную славу, выдавая это за «культуру». Когда каждому, кто говорит громкие слова или просто заставляет слушателя смеяться, дают государственные награды и превращают их в кумиров, на кого будет равняться молодёжь? Конечно, на тех, к кому легко прийти к популярности.
Таким образом, молодое поколение стремится не к науке, а к лёгкой выгоде и временной известности. Одни идут в шоу-индустрию, другие — в виды спорта с низкой дисциплиной и культурой. А будущее государства невозможно представить без науки и образования. Страна, в которой не развита наука, развиваться не сможет.
Поэтому пришло время задуматься и государству, и обществу. Мы должны открыто говорить о том, что истинная ценность — это знания и наука, возвеличивать заслуженных учёных и делать их примером для молодёжи. Пока учёный не будет уважаем, не будет уважаемой и страна. Формирование новой культуры, где наука поддерживается, а знания ценятся, — наш общий долг.
#Сайт Премьер-Министра Казахстана
#Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Ерлан Кошанов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь