Астана қаласының Медициналық қызметі қызықтырды

 

Адам денсаулығы бәрінен қымбат, осы тұрғыда Астана тұрғындарының ден саулығына қала әкімінен үнемі назар аударып, күнделікті бақылауда ұстап келеді. Кеше елордадағы №10 қалалық емханада Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша кезекті отырысы өтті. Жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев төрағалық етіп, қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшылығы және басқа да медицина мамандары қатысты.
Жиналғандар алдымен өткен жылдағы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштің біршама жақсарғанын атап өтті.
«Қала әкімдігі тарапынан денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Биыл халықаралық заманауи медицина талаптарына сәйкес келетін жаңа патологоанатомиялық бюро пайдалануға беріледі. 10 медициналық ұйымға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және №1 қалалық емхананы қайта құру жұмысы аяқталып қалды. Жеке инвестициялар есебінен әр ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын 2 емхана ашылады. №2 қалалық емхана және №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында балалар травматологиялық пунктін ашу көзделуде. Ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық базасы жақсарып, 7,6 млрд теңгеге 196 жабдық сатып алынды. БМСК үшін қосымша 51 автокөлік және 55 жедел жәрдем көлігі алынды» деді әкімнің орынбасары. Оның үстіне Астана қаласы заманауый, ірі қала санатында болғандықтан алыс-жақыннан, тіпті шет елдерден келіп емделушілер көп болғандықтан осыған сәйкес бола бастадық, қазір қаламызда ірі ауыруқаналар халықаралық дәрежеде жұмыс жасап, адамдардың жүрегіне, бауырына, мый тамырларына күрделі оталарды толығынан жасап отыр. Астана қаласы бойынша денсаулық мәселесі толығынан шешіле бастады, енді дәргерлерге іскерлік, жасампаздық, жауапкершілік аса қажет екеніне тоқталды. Ары қарай Әкімнің орынбасары медициналық қызметке қатысты шағымдардың азаймай отырғанын атап айтты.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *