НАҒЫЗ ПЕДАГОГ

0
693
Әңгіме «Шын педагог қандай болу керек?» деген сұрақтан басталып кетті. Тілеулестер арасындағы пікірталасқа мектеп директоры Бауыржан «Ол тек білім беруші ғана емес, шәкірт психологиясын зерттеуші» деді. Екінші мектеп директоры Рахила «Түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, оқушы жүрегіне жол табушы» деп жауап берді. Бірнеше мектептің директоры болған Әбсаттар да өз ойынан қалыс қалған жоқ. Мен де бұл тұрғыда өз пікірімді ортаға салдым. Ол заманауи талапты меңгеріп, өз кәсібін сүю арқылы үнемі ізденісте жүріп, ұстаздық шығармашылықты дамытушы әрі батыл әрекеттерге бара алатын адам. Нағыз педагогта үш қасиеті – сезімталдық, жауапкершілік және парасаттылық жарқырап көрініп тұру керек. Осы орайда «Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы» деген Ғафу ақынның өлең жолдарын жәй мысалға келтіру үшін ғана емес, оның астарына терең үңіле білу екендігін айқын сезінеміз. Осы кезде «Нағыз педагог деп кімді айта аласыз?» деген қарсы сұрақ маған қаратылды. Мен бірден өзім танитын, білетін, атқарған ісіне бас иетін Меруерт Асқарбекқызы туралы ойладым. «Ол несімен өзгеше, соны дәлелдеп беріңізші?» Сұрақ ар қарай осылай жалғасты.
Мен оның бірінші қандай жауапты қызмет атқарса да өзгермейтінін, үнемі ұстазға тән қалыптылығын сақтауында екендігіне мән бердім. Шенді болса да қарапайым жүріс-тұрысы, сөйлеу әдептілігі, айналаға мейіріммен қарайтыны еш өзгерген жоқ. Иновациялық жұмыс істеуі, ұлттық құндылықты бағалауы, бәріненде кәсіби икемділігі өзіне әрдайым жарасып тұрады. Байқағаным, тәкаппарлықтан мүлде ада, ұстаздарға бұйырып емес, туысындай болып, жақындық тілмен жеткізе біледі. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл педагогтың өзін ізгілікке баулу. Ұстаздардың ұстазы болу деген сөз. Бұл бір күннен қалыптасқан жоқ. Педагогтарды да, мекеме басшыларын да, шәкірттерді де өзіне тарта, баурай біледі. Ол тексеруші, бақылаушы, жазалаушы емес, қайта ізгілікті, ізетті жан. «Меруерт Асқарбекқызына ұқсағым келеді» деген талай педагогтарды көзім көрді. Министрдің өкілі боп келген бір жиында «Мен бұл елге келінмін» деп иіліп сәлем салғанын көрген жұрт әлі айтып жүр. Қашанда кішіпейіл – адамгершілік көркі ғой. Кісілік пен кішілік – ұлылықтың белгісі деп бекер айтпайды. Оның ар жағында іскерлігі тау асып тұрады.
Мәселен, баяғыда 2014-2018 жылдары ғой, «Өрлеу» де кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. Көп педагогтың бірі болған жоқ. Бойындағы тынымсыздық, жауапкершілік, шығармашылық маза бермей, бірнеше білім беру бағдарламаларын әзірледі. Атап айтқанда, «ТжКБ беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру»; «Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру» қолданысқа енгені әріптестерінің әлі күнге есінде.
2018 жылы “Су ресурстары Маркетингі” ЖШС- інде «SMART-MAMAN» оқу орталығының негізін салды, оған бір жыл басшылық етті, аталған компанияға қомақты үлес қосты.
Ал 2019-2023 жж. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталыққа жетекшілік жасағанда педагогтердің біліктілік арттыру курсынан өтетін мұғалімдер үшін цифрлы түрде автоматтандырылған жүйе қосуға ықпал етті. Осы жылдары қатарынан “Күнделік.кз” платформасы бойынша Шымшаһар 6 рет «Алтын белгі» алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 17 маусымда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмаға орай ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім департаменті директоры ретінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарламаның оқу процесіне енгізу бойынша елеулі еңбек сіңіргенін, бағдарлама мазмұнына әзірлеуші-сарапшы ретінде өзінің зор үлесін қосқанын бүкіл республика педагогтар қауымы жақсы біледі.
Дәл қазіргі кезеңде «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша «Педагогтердің кәсіби даму институты» директоры ретінде Министрліктің және «Өрлеу» БАҰО Басқармасының тапсырмасымен «Ағартушы-педагог» жобасына бастамашылық жасауда. Мақсат – әр педагог интеллектісін көтере отырып, озық ойлы ұлт қалыптастыру. Сонымен қатар «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6 категория бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстануда. Күні кеше «Өрлеу –Шымкент» атты республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналының алғашқы санын шығарды. Журнал білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибе, педагогикалық зерттеулер нәтижелері, әдістемелік әзірлемелер және инновациялық тәсілдермен алмасуға арналған платформа болып табылады. Журналдың бас редакторы да өзі. Өзінің «Педагогтің кәсіби дамуы – қоғам айнасы» атты мақаласымен ашылып отыр. Бұл басылым педаагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін ашатын құрал болатындығы анық.
Меруерт әлеуметтік желіде де белсенді. Ұстаздар қауымын шығармашылыққа тартып отырады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие – Ағартушы, өзіңнен баста!» топ жетекшісі. Топқа 7000-ға жуық педагогтер тіркелгенінің өзі Меруерт ханым бастаған игі істі қолдаушылар аз емес екеніне көз жеткізесіз. Осының бәрі бойындағы икемділіктен, білімділіктен, нағыз ұстаздықтан дер едім. Өзім де талай ұстаздық шеберлігін байқадым. Жанындағы адамдардың қателігін бетіне баспай, ренжітпей, жақынындай етіп жеткізуі – шеберлігі . Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін дүние. Осынша құрметке бөленуі терең дүние танымы мен үлкен жүрегінің, нағыз педагогтығының арқасы! Міне мен білетін нағыз педагог осы!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь