Прокуратура Telegram-дағы порнография таратқан арнаға жазылған 8 мың желі қолданушысын тексеріп жатыр

0
55

Түркістан облысының прокуратурасы Telegram желісіне талдау жүргізіп, порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото-бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты.

Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталған.

Арнаға барлығы 8012 жазылушы тіркелген. Оларға қатысты әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

«Сайт аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды», — делінген хабарламада.

Кейін облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы аталған топ мүшелерін Түркістан және Қызылорда облыстарында ұстады. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы және 312-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь