«Күй күмбірі» челленджі: Астанада 300 жас музыкант әйгілі күйлерді орындады

0
50

20 наурыз күні №111 орта мектепте «Күй күмбірі» атты ауқымды домбыра челленджі өтті. Наурызнаманың онкүндігін тойлау аясында қосымша білім беру ұйымдарының 300-ден астам оқушысы әйгілі күйлерді орындады.

Іс-шараны елордалық білім басқармасы қосымша білім беру ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – ұлттық аспапты кеңінен насихаттау, жастардың дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын арттыру және дарынды домбырашыларды қолдау.

Челлендж Наурыз мейрамын тойлау аясында өткізіліп, еліміздің барлық мектебін қамтитын жалпыұлттық бастаманың бір бөлігі болды. Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал етті.

Байқау барысында Құрманғазының «Балбырауын», А.Желдібаевтың «Еркесылқым», «Келіншек» атты аты аңызға айналған күйлер орындалды. Жиынға құрметті қонақтар, өнер майталмандары мен ұстаздар қатысып, жас әншілерге қолдау көрсетіп, алған әсерлерін тілге тиек етті.

Челлендж 2023 жылдан бері өткізіліп келеді және қазірдің өзінде маңызды мәдени іс-шараға айналды. Сондай-ақ, 14-23 наурыз аралығында Наурызнаманың онкүндігі аясында еліміздің барлық мектебінде арнайы тақырыптағы челлендждер, экологиялық акциялар, ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр.Осылайша, қаладағы әлеуметтік және еңбек мәселелерін шешуге бағытталған маңызды бастама тұрғындардың цифрлық қоғамға бейімделуіне және өз кәсібі бойынша жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне ықпал етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь