Роза Әшірбаева еліміздегі отбасылардың ажырасуының себептерін атады.
Бұл туралы ол Әйгерім Есенәліге берген сұхбатында айтты.
«Енді бұл сұраққа жауап беру үшін «Жоқ, мен емес, кім айтты?» деу кәсібилікке жатпайды. Кез келген адам «барлығын ажырастырып жатқан коучтар» деп айтудың өзі – ақымақтық. Неге? Себебі саналы, көзі ашық адам статистиканы қарайды. Бізде (мемлекетте) арнайы статистика жүргізіледі. Отбасылар неге ажырасып жатыр? Себептерін қарайық. Еліміздегі отбасылардың ажырасуының ең басты себептерінің бірі – алкоголизм мен наркомания. Ал ары қарай статистиканы қарайтын болсақ, азаматтардың 90 пайызы алкоголизм мен наркомания ауырады. Бұл – ер-азаматтардың проблемасы. Екінші себеп – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Сондай-ақ көзге шөп салу бар. Мұнда да статистика ер-азаматтарда. Соңында мінездің сәйкес келмеуі, туыс-туғандардың араласуы. Статистика бойынша, еркектерге қарағанда әйелдер ажырасуға арыз тастайды. Неге? Өйткені мынау айтылған бес себептің барлығына үлкен проблема туындадататын – еркектер. Яғни отбасыны сақтауға ұмтылмайды. Ішеді, ұрады, отбасыға үшінші, төртінші адамның кірісуіне жол береді. Ал неге мен кінәлімін?», — деді белгілі коуч.