Домой ЖАҢАЛЫҚТАР «Арзан бағада абонемент алып беремін»: Астанада тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

«Арзан бағада абонемент алып беремін»: Астанада тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

0
20

Астанада 10-нан астам эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды.

Бүгінге дейін «Нұра» аудандық ПБ-ға 10-нан астам астаналық хабарласқанымен, зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. 30 жастағы ер адам байланыстарының бар екенін айтып, елордадағы спорт залдарының біріне бір жылға арзан бағада абонемент алып беремін деп алдаған. Жәбірленушілер 150 мың теңгеге дейін қаражат берген.

«Уәдеге сенімсіздік танытқан қала тұрғыны полицияға хабарласып, бейтаныс ер адамға алданғанын түсініп, көмек сұраған.

Жедел іздестіру барысында күдікті азамат құрықталып, кінәсін мойындады. Дәл осындай іске қатысты оннан астам эпизоды бар екені белгілі болды», — делінген хабарламада.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да бар екені анықталды.

Полицейлер азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь