Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Ораза ұстаған адам арықтай ма? – дәрігер пікір білдірді

Ораза ұстаған адам арықтай ма? – дәрігер пікір білдірді

0
34

Оразаның денсаулыққа қандай пайдасы барын және 30 күнде адам ағзасында қандай өзгерістер болатынын дәрігерлерден сұрадық.

 

Біз тамақ ішкен сайын асқазан, бауыр, ұйқы безі және ішектер үзіліссіз жұмыс істейді. Ораза кезінде олар уақытша демалады. Бұл асқазанның қышқыл бөлуін реттейді, ішек микрофлорасын жақсартады, бауырдың токсиндерді шығару қабілетін арттырады, — деді ол.

Сондай-ақ дәрігер ораза кезінде ағзадағы қант пен инсулин деңгейі тұрақталатынын айтты.

Тамақ ішпеген кезде ағза қордағы глюкозаны пайдаланады, ал инсулин деңгейі төмендейді. Бұл процесс ұйқы безіне демалыс беріп, қант диабетінің алдын алуға көмектеседі, — дейді маман.

Нұргүл Оспанова ауыз бекітудің салмақты реттеуге де септігі барын жеткізді.

Ашыққан кезде ағза энергия алу үшін бірінші көмірсуларды, содан кейін май қорын ыдырата бастайды. Яғни зат алмасу жақсарып, арықтай аласыз. Сонымен бірге, ораза кезінде ағза зақымдалған жасушаларды жою процесін бастайды. Бұл аутофагия деп аталады. Ол онкологияның, Альцгеймердің және басқа да созылмалы аурулардың алдын алады деуге толық негіз бар, — деді дәрігер.

Алайда Нұргүл Оспанова әр адамның ағзасы әртүрлі екенін ескертті.

Ораза ұстау кейбір адамдарға ауыр болуы мүмкін. Мысалы қант диабеті, асқазан жарасы, гипотония, бүйрек аурулары бар адамдар, жүкті және емізулі әйелдер, ауыр физикалық жұмыс жасайтындарға оразаның оң әсерінен гөрі кері әсері көбірек тиюі мүмкін, — деді ол.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь