Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады.
Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:
— Астана-Шымкент: 4 қосымша рейс;
— Астана-Алматы: 2 қосымша рейс;
— Астана-Түркістан: 4 қосымша рейс.
Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы 1 мамырдан бастап Астана-Самарқанд бағытында қатынай бастайды.
Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялар наурыздағы мерекелерге орай қосымша 120 рейсті іске қосатыны туралы хабарлаған болатынбыз.