Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Төтенше жағдайлар министрлігі көктемге орай ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі көктемге орай ескерту жариялады

0
33

Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде күннің жылынуы кезінде шатырлардан қар түсіп, мұздың құлау қаупіне қатысты ескерту жариялады.

 

Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:

  • қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
  • көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
  • қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
  • құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

«Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз — тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», — деп жазылған хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь