Домой ТАНЫМ Мақсат Толықбай: Халық қаржы пирамидаларына бір жылда 20 млрд теңге салған

Мақсат Толықбай: Халық қаржы пирамидаларына бір жылда 20 млрд теңге салған

0
462

Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай Бас прокурор Берік Асыловқа және Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановқа тұрғын үй кооперативтерінің қызметін реттеу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.

«Былтыр «алаяқтық» бабы бойынша тіркелген қылмыстың саны елімізде 45 мыңнан асқан. Қаржы пирамидаларына халық бір жылда 20 млрд теңге салған. Бұл бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат және мәдениет министрлігі, Ұлттық банктен бастап Қаржы мониторингі агенттігіне дейін барлығы жұмыла жұмыс істемесе, қамкөңіл халықтың арман тілектері әдірем қалып, әккі алаяқтар әлі талайды сан соқтырады. Ең басты мәселе – халықтың қаржылық сауатын арттыру», — деді депутат.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь