Қала әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен кездесті

  • Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Елорда тұрғыны 2024 жылғы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Ол 20 жасқа дейінгі FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 бәсекесінде алтын медальға ие болды.

Маусым айында өткен чемпионатқа 120-дан астам қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер мен 27 халықаралық шебері қатысты.

«Қазыбекті, оның туыстарын, жаттықтырушысын және Қазақстан шахмат федерациясын айтулы жеңісімен құттықтаймын! Сіздердің шыдамдылықтарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз және шахматқа деген сүйіспеншіліктеріңіз қашанда құрметке лайық! Қазыбекке алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілеймін! Өз тарапымыздан шахматтан қала құрамасына көмек көрсетуді ары қарай жалғастырамыз!», — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *