Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

0
139

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.

 

«Олар Ташкентте бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің қарсылығының арқасында шабуылдаушылар қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған», — деп хабарлады ІІМ.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь