Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

0
51

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

 

Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.

Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.

Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

— орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

— шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

— өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

— ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;

— шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь