«Ұлы Жеңіске – 80 жыл»: Әскери қызметшілер ардагерлерге көмек көрсетті

0
53

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» акциясы аясында  Ұлы Отан соғысының тыл ардагері Александр Медведевке көмек көрсетті.

 

Ұландықтар қақаған қыстың суығына қарамай ардагердің үйіне барып, ауланы жиналып қалған қалың қардан тазартты. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Біздің ұландықтар әр жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетеді. Бұл біз үшін бұрыннан қалыптасып кеткен игі іс  деуге болады. Биыл  жеңістің  80 жылдығына орай біз ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз» — деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы подполковник Алексей Бондаренко.

Өз кезегінде Александр Павлович ұландықтарға ыстық лебізінде білдірді.

«Мен үшін құрметтеп сыйлап келетін әрбір жан ыстық. Ал Ұлттық ұлан сарбаздарына келер болсам, жыл сайын күннің ыстық суығына қарамай маған өздерінің көмек қолдарын созады. Сол үшін менің Ұлттық ұланға деген алғысым шексіз»,  — деді тыл ардагері Александр Медведев.

Қазіргі уақытта ұландықтар тек Қарағанды қаласында ғана емес еліміздің барлық аймағында ардагелерге  көмек көрсетуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь