Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Қор нарығында теңге нығайып келеді

Қор нарығында теңге нығайып келеді

0
232

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,95 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 497,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 518 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 504 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34 — 5,48 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 520,11.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь