Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған мектеп асханасының жұмысшылары жалған санитарлық құжатпен жұмыс істеген. Бұл туралы прокурорлық тексеріс нәтижесінде белгілі болды.
Мұнайлы ауданында № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында 4 адам жалған санитарлық құжаттармен жұмыс жасаған. Заңсыздыққа барған азаматтардың барлығына айыппұл салынды.
«Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды. Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.