Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шықты

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шықты

0
638

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы елордадағы жылжымайтын мүлік аукционға шығарылғанын мәлімдеді.

 

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізіледі.

«Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысанды сату барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттармен жүзеге асырылады», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, үйдің фотосы ҰҚК 2022 жылы Кәрім Мәсімов қамауға алынғаннан кейін жарияланған кадрлармен сәйкес келеді.

Ғимараттың бастапқы бағасы — 1 883 338 958 (1,8 млрд) теңге.

Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь