Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Жәнібек Әлімханұлы Астанада француз боксшысымен жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы Астанада француз боксшысымен жұдырықтасады

0
1120

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада жекпе-жек өткізеді.

Белгілі инсайдер Майкл Копинджердің ақпараты бойынша, отандасымыз француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық атағын қорғайды.

Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды.

Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь