СҚО-да полицейлер бір аптада марихуана өсіретін үш зертхананы анықтады

0
35

Петропавл қаласының 47 және 27 жастағы екі тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысты деген күдікке ілінді.

«Оларды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады. Тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру құрылғыларымен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған фитозертханалары табылды», — делінген хабарламада.

Бірнеше күннен кейін осындай іс-әрекетпен айналысқан 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның пәтерінен де құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған жабдықтар, тұқымдар мен қарасора өсіндісі табылды. Полицейлер барлығы 18 түп қарасора және 250 грамға жуық марихуана мен гашиш есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь