Астанада заң бұзушылықтарды анықтаужәне профилактикалық жұмыстаржүргізу мақсатында компьютерлікклубтарды, кинотеатрларды, жатақханаларды, ойын—сауық жәнебасқа да мекемелерде рейдтержүргізілді.
«Полиция департаменті мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамы елорданың біраз бөлігін, оның ішінде жеке секторды, тұрғын үйлерді және т.б. аумақтарда тексерулер жүргізді. Іс-шаралар барысында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілді. Операцияға арнайы жасақ – СОБР мен Ұлттық ұлан да жұмылдырылды», — деді Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков.
Рейдтік іс-шаралар барысында 800-ге жуық түрлі қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, кальян шегу, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қалуы және т.б. белгілі болды.
Демалыс және мереке күндері рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.