Домой ЖАҢАЛЫҚТАР ҰҚК Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады

ҰҚК Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады

0
245

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 қаңтарда Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарымен бірге Қазақстанның төрт азаматын ұстады.

 

— Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген, — делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь