Домой САЯСАТ Анастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Анастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды

0
269

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада екінші мәрте жеңімпаз атанды.

 

Параллель могулда финалға қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова шықты. Шешуші сайыста Городко жеңіске жетті. Ол бұған дейін могул сайысында да алтын медаль иеленген еді.

Сонымен қатар ерлер арасындағы параллель могулда Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда жапондық Шиме Кавокеге жол берді.

Осылайша, отандастарымыз Қазақстан қоржынына төрт медаль түсірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь