Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Полицейлер жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады

Полицейлер жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады

0
152

Қостанай облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

 

Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты.

Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь