Абай облысында ер адам қар құрсауынан құтқарылды

0
18

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

«112 пультіне ер адам қоңырау шалып, көліктің қар құрсауында қалғанын, өз бетінше шыға алмайтынын хабарлады. Оқиға Аягөз қаласынан 55 шақырым қашықтықта болды. Жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері ер адамды құтқарып, Қарағаш ауылына жеткізді. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады», — деп жазылған хабарламада.

ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын, ауа-райын мұқият қадағалап, төтенше жағдайларда қажет болатын заттарды алып жүру маңызды екенін еске салады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь