Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтар айынан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылады

Қаңтар айынан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылады

0
325

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдарына шектеу енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті.

 

Мобильді аударымдардың жалпы саны ғана емес, көлемі де есепке алынады. Аударымды бақылау бойынша өлшемшарт белгіленген.

Өлшемшарттың көлемі – 255 мың теңге. Яғни, бір айда 100 немесе одан көп мобильді аударым арқылы 255 мың теңге төлем жасалса, жасырын бизнеспен айналысады деген сөз.

Кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушы бір жыл ішінде қайта ұсталса, айыппұлы мөлшері 30 АЕК-ке дейін өседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь