ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды

0
222

Астана іргесіндегі Қосшы қаласындағы тұрғын кешендерінің бірінде электр сымдары тұйықталып, өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, өрт үйдің жертөлесінде орналасқан сұлулық салонының төбе жабынына тарады.
Құтқарушылар шақырту орнына бірінші болып келіп, баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, үйдің жоғарғы қабаттарынан 4 адам, оның ішінде 3 бала автокөлік сатысының көмегімен құтқарылды.

Өрт сөндірілді, ал жану өнімдерімен уланған белгілері бар 4 адам ауруханаға жатқызылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь