Астанада келесі жылы Smart City жобасы іске қосылады

0
225

Бұл жоба зияткерлік бейнебақылау жүйелері арқылы қаладағы қауіпсіздікті 100%-ға қамтымақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

«Жоба арқылы жол қозғалыс ережелері бұзушылықтары талданады. Smart City жасанды интеллектті пайдалана отырып, қалалық инфрақұрылымды кешенді басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында 22 мың камера мен 1200 жылдамдық өлшегіші орнатылмақ», — деді Ж.Қасымбек.

Қала әкімі Smart City жобасы келесі жылдың басында іске асатынын айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь