Қазақстандық жас шахматшылар блицтен әлем чемпионы атанды

0
116

Қазақстандық жас шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы (14-18 жас арасы) әлем чемпионатында блицтен жеңімпаз атанды.

 

Әлем чемпионатына 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты. Олардың қатарында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 FIDE шебері болды. Қазақстан атынан қатысқан шахматшылар 22 турлық швейцариялық жүйедегі блиц форматында (3+2) сәтті өнер көрсетті.

ҚР шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандастарымыз Елназ Қалиахмет (G14), Даниял Сәпенов (O16)  алтын, Әмина Қайырбекова (G18) күміс және Мирас Асылов (O16) қола медаль еншіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь