Елорданың Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті.
«Түнде елордалық гарнизонның 112 пультіне Байқоңыр ауданындағы А. Сембинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекен-жай бойынша келген өрт сөндірушілер бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен төбе жабынының өртеніп жатқанын анықтады», — делінген министрліктің хабарламасында.
Құрылыс арасында өртке қарсы арақашықтықтың сақталмағанына қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, үйге жанаса салынған шаруашылық мақсаттағы құрылыстарды өрттен қорғады.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.