Бірыңғай уақыт белдеуінің адамға әсерін зерттеу алгоритмі қандай

0
52

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның 37-бабына сәйкес, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және ол конкурс негізінде жүзеге асырылады. «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру, ғылыми ұйымдарды қаржыландыру ережелерінің» 45-тармағына сәйкес, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында ғылыми-техникалық тапсырмалар құзыретті мемлекеттік орган немесе салалық құзыретті орган тарапынан ғалымдар, ҒҒК мүшелері, ғылым саласындағы мамандар, мемлекеттік орган өкілдері, салалық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған жұмыс тобы тарапынан әзірленеді. 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсы бойынша ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша Ғылым комитеті жұмыс тобын құрды. Оның құрамына әртүрлі салалар мен салалық мемлекеттік органдар өкілдері, соның ішінде «Өмір және денсаулық ғылымы» басымдығы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері кірді», — делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-техникалық тапсырмаларды ұсынды, оның ішінде уақытты ауыстыру мәселесі де қарастырылған. ДСМ ұсынған мәліметтерге сәйкес, уақыт белдеуіне қатысты бірнеше өңір тұрғындарынан көп шағым түскен.

«Осыған байланысты ДСМ уақытты біріздендіруге байланысты психикалық және физикалық денсаулыққа әсерін зерттеу үшін деректер базасын ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми-техникалық тапсырма әзірлеп, жолдады. Бұл ғылыми зерттеудің салалық мемлекеттік орган үшін маңыздылығын ескере отырып, ұсыныстар жұмыс тобымен қаралып, түзетілді және ҚР Үкіметінің Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының (ЖҒТК) қарауына ұсынылып, 2025-2027 жылдарға арналған «Өмір және денсаулық ғылымы» басымдығы бойынша мақұлданды. Айта кету керек, ЖҒТК құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі бар және бұл мәселе аталған мемлекеттік орган тарапынан қолдау тапты. Өз кезегінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖҒТК мақұлдаған ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша конкурс құжаттамасын әзірлеп, бекітеді әрі 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша конкурс жариялайды. Бұл іс-шаралар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітілген қаражат аясында жүзеге асырылады», — деп көрсетілген министрлік ақпаратында.
Конкурсқа ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын аккредиттелген субъектілер, сондай-ақ білім беру саласындағы автономды ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа өтінім бергенде, өтінім беруші зерттеудің іске асыру кезеңі мен қаржыландыру сомасын конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкес өз бетінше анықтайды.

— Осыған қоса, қаржыландыру ережелерінің 42-тармағына сәйкес, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың жүзеге асырылу кезеңі аяқталғаннан кейін, Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы өз сайтында жобалар туралы ақпаратты жариялайды, бұл 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады, — деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері зерттелетіні мәлім болды.

Уақыт белдеуін зерттеуге шамамен 160 млн теңге жұмсалмақ.

Жақында, AMANAT мүшелері уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсерін зерттеу мәселесіне қатысты пікір айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь