СҮЙІНШІ! КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ: МЕМЛЕКЕТІМІЗ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 800 ЖЫЛ ТОЛДЫ!

0
1900

 

СҮЙІНШІ! КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақ тарихына және қазақ даналығына байланысты жазушы Үзбен Құрманбайұлы мен Қазақстан Жазушылар одағы мүшесі, жазушы, академик Жәди Шәкенұлы жасаған сұхбатты ұсынып отырмыз.

МЕМЛЕКЕТІМІЗ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 800 ЖЫЛ ТОЛДЫ!
-Біз, Қазақ деген халық бағзы заманнан бар халықпыз, біздің де өзгелермен бірдей тарихымыз бар, 800 жылдың алдында құрылған Мемлекетіміз бар, ұланғасыр даламыз бар, Ұлы дала елі деген атымыз бар әлемдегі бақытты халықтар қатарындамыз. Аңқаулығымыздан болып өз тарихымызды да, өз философиямызды да өзорнына қоя алмай келген кемістігіміз тағы бар. Осы қылығымыздан болар, қазақ астындағы атын 6 ай іздепті деп Қожанасырлығымызды айтса керек. Бірақ тәуелсіздігіміздің арқасында алдымыз ашылды, тарихымызды жаңғырттық, жаратылысты «мейірімі» арқылы жаратып, 15 млрд жыл бойы өзінің «мейірімділік заңдылығы» арқылы басқарып келген жаратушының ұлы заңдылығы жолын қазақ даналығы ашты. Адамзат баласы ертең тек осы заңдылықты ұстану арқылы алдарын ашатынын, тығырықтан шығатынын Қазақ философиясы тұнғыш рет дәлелдеп берді. Бұдан былай әлем халқының алдында алдымыз ашық, жүзіміз жарқын болатыны хаһ! – деп өзіңіздің кітаптар мен журналдардың тұсау кескен рәсімінде дәлелдедіңіз. Қатысушыларда күтпеген жерде мұндай жаңалық естігенне қуанып, «сүйінші» хабар десіп жатты. Енді осы тұжырымдамалаға жеке-жеке, өте қысқаша дәлел ретінде не айтар едіңіз?
— Жарайды, өзімде солай ойлағам ғой. Бірінші:
— Мемлекеттігіміздің құрылғанына 800 толғанына дәлел:
1.Тарихымызды жаңғыртуға, жаңалап жазуға байланысты Мемлекетімізден 33 жыл бойы назар аударды, қаржы жұмсады, осы саланы зерттейтін ғылыми ұйымдар құрды, қаншама ісшаралар ұйымдастырды, соның нәтижесінде бүгін мемлекеттігіміз құрылғанына 800 жыл толғанына көз жеткіздік.
2.Президентіміз 2019-жылы мемлекет басшысы тұрғыда алғашқы сапарын Жезқазғандағы Жошы бабасының басына барып тағзым етуден бастады. Бұл білгенге маржан, тарихи оқиға болды. «Мемлекет басшысы болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет деп санайды. Оның пікірінше, Қазақстан – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері. Жер жүзіне Алтын Орда деген атпен танылған әйгілі Жошы ұлысы Орталық Еуразияның байтақ даласындағы ең қуатты мемлекет ретінде мойындалған.
– Жошы әулеті 6 ғасыр бойы Орталық Еуразияның тағдырына тікелей ықпал етті. Ұлан-ғайыр аумақта біртұтас өркениет құруға ұмтылды. Жошы ұлысы Ұлы даланы мекен еткен халықтардың сан ғасырлық даму бағдарын айқындап отырды. Ұлық ұлыс мемлекетті басқару ісін жаңа деңгейге көтерді. Оның Рим империясымен ұқсастығы да – осында. Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толды. Бүгінгі жиынымыз да осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Ендеше, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», – деді Президент Атырауда өткен ұлттық құрылтайда. Түсінген адамға мемлектігімізді алғаш Жошы құрғанын, одан Алтын Ордамен жалғасып, бүгінге жеткенін қандай әдемі жеткізді. Бұл мемлекетіміздің алғаш құрылғанының дәлелі еді. Енді біздер дәл осылай жасауымыз керек деп ойладым.

3. Тағы бір дәлел, Президентің бастамасын жүзеге асыру жолында ақын, ҚР Парламеті Мәжілісі депутаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық-«Алтын Күз» орденінің иегері Қазыбек Иса тынымсыз еңбек етіп жүр, ол 2019 жылы 6 қырқүйекте Астана қаласы Тәуелсіздік сарайында Ұлы Жошы ханды ұлықтау — Алтын Орданы асқақтатуға байланысты сөйлеген сөзі ,көтерген мәселесі, үстіміздегі жылы Үкімет Басшысы О. Бектеновке жолдаған ұсынысы тарихымызды жаңа белге көтеруге айтарлықтай үлесін қосты. Қысқасы, Мемлекеттігімізге 800 жыл толғанын тағы бір анықтап берді.
4. Оның үстіне қазақтың қарапайым халқынан бастап, ақын жазушылары, тарихшылары, білгірлері бұрмаланған тарихтарымызды жаңартуға, әсіресе Шыңғысқан мен Жошының тегін тектеп жоғын жоқтап, олардың Өзбабалары екеніне көз жеткізді.
— Егер сауалнама жүргізсе халық бірауыздан Шыңғысқанның түбі түрік екенін, оның түріктің Алашасынан тарайтынын, Жошының Қазақ хандарының бабасы, мемлекетімізді құрған тұлға адам екенін тұп-тұра дәлелдеп береді деп ойлайсыз ба?. – Жүз пайыз! Өйткені біз Шыңғысқанды да, Жошыны да өзімізден алыстата алмаймыз. Бүгінгі қазақ, монғол барлығымыз бірміз, түбіміз түрік, осыны біле отыра неге өзімізден өзімізді алыстатып келгеніміз өкінішті.
5.Ешкім жоққа шығара алмайтын, әділетті адам баласы бәрі мойындайтын тағы бір қарапайым шындықты айтайын: -Қазақ тарихына шындықпен, дұрыс көз қараспен қарап көз жүгіртсек нақты шындық алдымызда сайрап жатыр, адасатындай, білмейтіндей, түсінбейтіндей еш нәрсе жоқ. Бұл тарихымызды жаңалап алуымызға беріліп отырған зор мүмкіндік, «сөз шынына пышақ қынына тоқтайтынының» куәсі. Осыған қарағанда енді тарихымызды бұрмаламауға, шатастырмауға мүкіндік туып отыр. Тек біз өзіміз ары-бері тартып, жан-жаққа кетпеуіміз керек. Тарихи мүмкіндікті пайдаланып «әдем»і тарихымызды тез арада жинақтап алғанымыз жөн.
6. Ал енді ресми деректерге шолу жасап көрейік: -Жошыны қазақ хандарының бабасы, Алтын орданы құрған Батудың әкесі деп Монғолияның тұңғыш президенті Нансалмагийн Очирбат өзі жазып қалдырды. Бұдан артық қандай дәлел керек?
7. Жошы-Қазақ хандарының атасы, ол алғаш мемлекетімізді құрды — деп әлемдік ғалым, академик Зардықан Қинаятұлы қазақ тарихын жаңғыртуға орасан үлес қосқан еңбек жазды, кітабы өзге тілдерде басылды, әлемге тарадылды. Бұл кітап алғаш қазақ мемлекеті құрылғаны жайлы толық мәлімет беретіндігімен ерекшеленіп отыр.
8. Алғаш өзі құрған мемлекетіне деген Жошының көзқарасын нақты шындықпен пайымдаған адам А. Жувейни болатын. Жошы алғашынан бастап «халқын аялады, қолын батырмады, қалаларды бүлдірмеуге тырысты, ақыры елін, жерін қорғап тыныштық орнатты» деп жазады. –Сол сияқты Жошының әкесі Тэмужин мен өз анасы Бөрте тұралы Монғолдың құпия шежіресі «Алтын тобшанында», және осы дәуірге қатысты тарихи оқиғаларды хатқа түсіруші Рашид-ад-дин, А.Жувейни, Берзин, Д Оссон, Лев Гумилев еңбектері куә. Жамуқа мен Тэмужиннің достығы тұралы анық жазылған. Бұл екеуі өздерін бір адам санаған. Жамуқа жалайыр ғой.
9. Шыңғысқан, Жошы туралы деректер халық аузында кеңінен тарап, бүгінге жеттіі. Шыңғыс өзі Қоңыратқызы Елеуінен туып отыр. Тэмужиннің әкесі Керей мемлекетінің ханы Тұғырылдың жан жолдасы болғаны шындық. Ол өлер шағында баласы Шыңғысты Тұғырылдың қолына салып берген. Шыңғыстың өгей әкесі Тұғырыл болды. Шыңғыстың аузын аққа, астын таққа тигізген адам Тұғырыл болғаны бұлтартпас шындық. Оның үстіне Шыңғыстың жан-жағындағылардың барлығы өзіміз болдық. Бұлар тарихи кітаптардың бәрінде жазылған, көпке талай заманнан әйгіленген.
10. Сөзіміз дәлелді болу үшін: Көрнекті тұлға, Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмәділовтің Монғол ғалымдар алдындағы бірауыз сөзіне жүгініп көрейік:
— Шыңғысхан жауыз емес, қанішер емес, сол Шыңғысханды мойнына көтеріп келген монғол ағайындарға рахмет айтамын. Отаршылдар бізді Шыңғысқаннан алыстатып, тіпті қарсы қойды, соны біз түсінбей жүрдік. Ал Шыңғысханның түбі түрік, монғолдар да түрік, бізде түрік. Шыңғысханның нағшысы қоңырат, әйелі Бөрте қоңарат, Бөртеден туған төрт ұл төртеуіде бізден қыз алды. Шыңғысханның бас қолбасшысы Мұқағали жалайыр, Мысырға дейін барған Кетбұқа найман, ал ноендар мен әскери қолбасшылары тұтастай қоңырат, жалайыр, керейлер болған. Сол кездегі халықтың көбі бүгінгі найман керейлер деп монғол ғалымдарға тұрасын айтқан, оларда шындықтан қашпаған, осындай дәлелдерді тізіп айта берсек бірінен соң бірі жалғаса береді.
11. Ал Шыңғысхан 1221-1222 жылы өзінің ақшасын жасатты. Сол ақшаның екінші бетіне «әл-Насир» «әл-дин Аллаһ» «Әмир әл-му минин» деп жазылған, Аллаһтың дінінің Сақшысы-мүминдердің Әмірі (Мұсылмандардың қолбасшысы) деп жазылған. Осыдан-ақ бәрін пайымдауға болады.
12. Біздің тарихымызда Қазақтың жерінде, ұлан ғасыр даласына ешкім мемлекет құрмаған, құрмауға да тиісті, құрада алмайды, бұған тарих өзі куә. Осыны түсінуіміз керек. –Ал Жошы қазақтың алып анасынан туған, әкесі Шыңғыс түрік. Мейілі Қоңыраттың батыры Шілінгірден туса да бізге жат емес, Бөртені қайтарып алып келе жатқанда жолда туылған бала екені, оның аты Қонақбай екені де рас. Мұны Шыңғыс жақсы біледі, бірақ айтпайтынын өз элегиямда жазғанмын. Әкесінің алдында Шағатайдың Жошыға «бұл шата, біз бұған бағынбаймыз, мұның бойында өзгенің қаны жүгіріп тұр дегені, сол кезде Жошының Шағатайдың алқымынан алғаны түгелдей жазылып қалған тарих. Дәл сол кезде апалы, сіңілі Елеуін мен Бөртенің қандай ауыр күйге ұшырағанын, ақыры қайғыны көтере алмай Елеуінің қайтыс болғаны, екі жақты ақылға шақырған мыңбасы Хөхөчостың сөзінен анық көрініп тұр. Недеп айтқаны «құпия шежіреде» жазылып қалған. Бұл тұралы ақын-жазушы Бодауқан Тоқанұлының «меркіттің мұңлық келіні» повестісінде тайға таңба басқандай дәлелдеген. Осымен Жошы тұралы артық сөздің бәріне нүкте қойып, біздің Бабамызда, мемлекетіміздің алғашқы ханы да Жошы деп қабылдайық.
13. Өйткені 1224-жылдың жазында Қазіргі түркістан жерінде «Күлтөбеде» алғаш рет мемлекетімізді құрған Жошы бабамыз екені рас. Содан 1225-жылы жазда әкесін, інілерін шығысқа қайтарады да сол қалпымен Жошы қайтып қазіргі монғолия жеріне аяқ баспаған. Олай болуының да өзіндік қыр-сыры болғаны «Әлем қазақтары журналында» анығырақ жазылған. Сондықтан 1224-жылдың жаз ортасы айы (сол бір күн) біздің тарихымызда алтын әріппен жазылып, тарихымызда мәңгілік сақталатыны сөзсіз.
14. Тағы бір дәлел, Сол кезде құрылған Жошы Ұлысы бүгігні қазақтың төрінде, қазақ тың кең байтақ даласы Түркістан даласында құрылып, жері бүгінгі аумақты түгелдей қамтып жатты. Және бүгінгі қазақтардың ортасында, ұлы дала Қазақ елінің зкономикасында, негізгі шаруашылығы саналған мал шаруашылығына сүйенді. Жошы құрған мемлекетіне өзге елдерден ешкімді әкелмеді, керісінше керей, найман, қоңырат, жалайыр, уақтарды топтастырды. Бұл Жошының ішкі сезімі, арман тілегі болғаны әмбеге аян.
15. Жошы ұлысы тұралы ең соңғы деректі жазушы, тарихшы Ұларбек ініміздің жазбасынан ала аламыз. Алладан аян бергендей Жошы бабамыз тұралы жазған кітабы көңілге қонымды, бар шындықтың басын ашқан, қазақ тарихының бағдар шамы ретінде деп мен өзбасым бағалаймын. Ал Мұқтар Мағауин Шыңғысқан, Жошы, Алтын ордамызды асқақтатып, тұғырына қондырды.
— Міне осы сияқты деректер мен мыңдаған дәлелдерді келтіруге болады. Тобықтай түйіні біздің мемлекетіміз бақытты мемлекет, оның тарихы 800 жылды құрап отыр. Тіпті тереңге үңілсек Шыңғысқан заманынан бұрын 1100 жылдары құрылған Керей мемлекеті, құрылғанына 1050 жыл болған Найман мемлекеті-деп кете береді. Бұлар бүгінгі қазақстан мемлекеті жерінде құрылмағандықтан оларға таласымыз жоқ, бірақ қазақ тұрғысында ұмыт қалдырмайтынымыз да анық. Сондықтан Мемлектіміз құрылғанына 800 жыл толды! Бұған дәлеліміз жетеді. Енді бөркімізді аспанға атып, сүйінші хабарды тарата берулеріңізге әбден болады. Біз өз тарихымызды білуге, оны терең зерттеуге құқылымыз. Біз өз тарихымызды орнына өзіміз ғана қоямыз. Өзге ешкім біздің тарихты жаңалап бермейді, әрбір халық өз тарихын жаңалау өздеріне ғана парыз. Өздері жаңалаған тариқха өзгелердің қақысы да жоқ, қысқасы біздің тариқха ешкім таласпайды, таласса да шындықтан ешкім аспайды. Өйткені біздің тарих шынайы шындық тарих.
Жалғасы бар….
Әлем Қазақтары журналы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь