Сыйақы мәселесін дауға айналдырған Қаржымин қызметкерлеріне қанша сыйақы төлейді

0
52

Қаржы министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ведомство мамандарына бір жылда қанша сыйақы төленгенін мәлім етті.

«Сыйақыларды төлеу үшін бюджеттен арнайы қаражат бөлінбейді. Мемлекеттік ұйымдардың сыйақыларды беру сомасы тиісті ережеде белгіленген әрі министрлікті қоса алғанда, әрбір мемлекеттік органның үнемдеуіне байланысты және оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дербес жүргізеді. Осы ретте сыйақыларды төлеуге байланысты сізге бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тікелей хабарласу қажет. 15 мың қызметкер жұмыс істейтін Қаржы министрлігі бойынша 2023 жылы жылына шамамен 4 жалақыға тең сыйақы берілді (Наурыз мейрамы, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ҚР Республика күні, ҚР Тәуелсіздік күні)», — деп жазылған жауапта.

Бұдан ведомстводағы министрден бастап маманға дейінгі қызметшінің бәрі бір жылда төрт рет өзіне тағайындалған айлық еңбекақы мөлшерінде сыйақы алып отырғанын түсінуге болады.

«Барлық деңгейдегі лауазымдық қызметкерлерді сыйақымен марапаттау шарттары қағидаларымен белгіленген. Қазіргі таңда министрлік аталған қағидаларды басшылыққа алады. Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне сыйақы төлеу мөлшері қағидалармен белгіленіп, әрбір мемлекеттік органның, оның ішінде министрліктің үнемделген қаражатына байланысты, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен өз бетінше жүзеге асырылады», — делінген министрлік мәліметінде.

Министрлік мамандары айтып отырған қағида Үкіметтің №1127 қаулысы арқылы бекітілген.

Сондай-ақ Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге қандай шығындарды үнемдеуден қалған қаражат сыйақы ретінде үлестірілетінін түсіндірді.

«Сыйақыларды төлеу үшін бюджеттен арнайы қаражат бөлінбейді. Мемлекеттік ұйымдардың сыйақыларды беру сомасы тиісті ережеде белгіленген. Әрбір мемлекеттік органның үнемдеуіне байланысты және оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дербес жүргізеді», — деп жазылған жауапта.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь