75 жастағы француз актері екі әйелге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталуда.
BBC хабарлауынша, екі оқиға да жеті жыл айырмашылығымен түсірілім алаңында болған: 2014 жылы «Сиқыршы мен сиам» фильмінің түсірілімінде және 2021 жылы «Жасыл жапқыштар» түсірілімінде.
Француз киножұлдызының өзі бұл айыптауларды үнемі жоққа шығарады.
Жұртшылық бірінші оқиға туралы 2023 жылдың қаңтарында білді. Депардьенің бұрынғы көмекшісі актердің үстінен «қызметтік бабын асыра пайдаланған адамның қол астындағы қызметкерге сексуалдық қысым көрсетуі» бабы бойынша арыз жазған. Бұл жаңа тергеуді бастауға себеп болды.
Болжалды оқиға кезінде актердің көмекшісі әлі 25-ке толмаған, ал оның меценаты 60-тан асқан.
Жергілікті баспасөзге берген сұхбатында әйел оны қорқынышпен есіне алатынын айтқан.
Осыған ұқсас екінші оқиға «Жасыл жапқыштар» фильмін түсіру кезінде орын алды. Сол жылдың ақпан айында әйелдердің бірі — 53 жастағы кинорежиссер Амели Депардьеге қарсы үш айып бойынша полицияға шағым түсірді: жыныстық зорлық-зомбылық, интрузивті жыныстық қудалау және сексистік қорлау. Оның айғақтарына сәйкес, ол 2021 жылдың қыркүйегінде Париждің 16-шы ауданындағы жеке қонақүйде зорланған.
Ж.Депардье — 200-ден астам фильм мен телефильмдерде басты рөлді сомдаған атақты француз актерлерінің бірі;
Ол Бертолуччидің «Жиырмасыншы ғасыр» фильміндегі Ольмо Далько және осы аттас фильмдегі Сирано де Бержерак сияқты рөлдердің арқасында француз киносының символына айналды (соңғысы үшін ол Канн кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесін алды және Оскардың «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ұсынылды).
Депардьенің жұлдызы 1974 жылы режиссер Бертран Блиердің «Вальс» фильмі шыққаннан кейін жана түсті. Актер классикалық драмадан қазіргі заманғы комедияға дейін әртүрлі рөлдерде ойнады.
Бұған дейін Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 13 әйел актер Жерар Депардьені қысым көрсетті деп айыптаған болатын.