Республика күніне орай, Астана қаласында Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «MAJILIS CUP – 2024» республикалық турнир өтті.
Турнирді Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев ашып, жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтады. Ол дәстүрлі жарыс осымен үшінші мәрте өтіп жатқанын, жыл сайын додаға деген қызығушылық жоғары екенін атап өтті.
Жарысқа Шығыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан, Шымкент пен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Астанадан жалпы 19 команда қатысты.
Додада командалар 4 топқа бөлініп жарысты. Әр топтан 2 команда плей-офф кезеңі жолдама алып, өзара мықтыны анықтады.
Қортындысында, Астаналық SportPlus командасы турнир жеңімпазы атанса, Turkistan TV командасы екінші орынды қанағат тұтты. Ал үшінші орынды Shymkent командасы иеленді.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы чемпионы «Хабар» командасы болған. Ал былтыр кубок Талдықорғанның «Қарекет» командасына бұйырды.
Еске сала кетейік, конференция лигасы: «Астана» Уэльстің «Нью-Сэйнтс» командасына есе жіберді.