«Астана-күй қанатында»: Елордада домбырашы-күйшілердің ІІ қалалық байқауы өтіп жатыр

«Астана-күй қанатында» атты II-ші қалалық домбырашы-күйшілердің мақсаты — патриотизм, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және балалар мен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Күй анасы» республикалық қорының атқарушы директоры Төлеген Қуанышевтың айтуынша, байқауға 40 адам қатысуға ниет білдірген.

 «Дина Нұрпейісованы білмейтін қазақ жоқ шығар. Күйші анамыз өзінің өнерімен қазақ халқының тарихында, өнері мен мәдениетінде есте қалды. 2021 жылы күй бағытын даму мақсатында республикалық «Күй анасы» қоры құрылды. Содан бері талай жұмыс атқарылды. Соның бірі — Күйшілер байқауы. Бұл бәйге екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр бұл жарыста 32 қатысушы бақ сынады. Биыл олардың саны 40-қа жетті. Күй байқауы қатысушылардың жас ерекшелігіне байланысты өтеді, яғги 14-18 жас, 19-35 жас аралығында қатысушылар бақ сынайды. Жалпы жастар арасында күй өнеріне деген қызығушылықты байқауға болады»,- деді Төлеген Қуанышев.

Жалпы күй байқауы  ІІ кезең бойынша өтеді. І кезең онлайн форматта өткізілді, яғни қатысушылар Дина Нұрпейісованың бір күйін орындап «YouTobe» арқылы жіберген.

Ал ІІ кезеңде екі күй орындау қажет. Ол қатысушының таңдау бойынша Құрманғазының бір күйі және Дина Нұрпейісованың бір күйі болуы шарт.

Жас номинациялар бойынша 1-2-3 орын алған жеңімпаздарға дипломдар мен  ақшалай​ сыйлықтар беріледі.

Айта кетейік,«Күй анасы» республикалық қоры елордамызда «Күйшілер аллеясының», Дина Нұрпейсова ескерткішінің, биіктігі 5 метрден асатын «Домбыра» инсталяциясының, «Қазақтың 100 күйші мен күйші композиторлардың» заманауи цифрлық (QR) жабдықталған және алдағы уақытта «Қазақтың 100 Жыршысы  мен жырауларға» ескерткіш тастардыңорнатылуына бастамашы болуда.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *