МЕЙІРІМДІЛІК ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Басшылардан басталған мейірімділік қатынас қоғамда адамдар арасында мейірімділік қатынасқа айналады. Қоғамымызда мейірімділік қатынас үстемдік етеді. Мейірімділік қатынас мейірімді қоғам қуру мүмкіндігін тудырады. Мейірімді қоғам қоғамның байлығын адамдарына ғана арнайтын болады. Қоғамда әділдік қалыптасады, Қазақ Елінің жер асты-үсті байлығы, мемлекетінің жиған-терген қазынасы халқына арналады. Халқы бай елдің Мемлекеті де бай,бақуатты болады. Билік басындағылардың беделін көтереді, абройын арттырады. Байлардың дән-дәулетін еселеп тасытады. Олигархтарды елінің, Отанының нақты иесі етіп, ірі өндірістер салғызу арқылы табыстарын халықтың игілігіне жараттырады. Адамдардың жалпылай жауапкешілігін арттырады. … Мейірімділік заңдылығы тек жақсылыққа бастайды, оның жемісі бұл дүниеде таусылмайды… 

МЕЙІРІМДІЛІК ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТІМІЗГЕ 

ҚАНДАЙ  ПАЙДА БЕРЕДІ

Мемлекетпен Халықты бірге етіп, бір тұтастық пайда болдырады.  Екеуінің арабайланысын нығайтып, ажырамайтын мәңгілік бірге етеді. Қазақ Елі мәңгі, Тәуелсіздігі баянды болатын мүмкіндікке толық ие болады. Қоғам тығырықтан шығады, адамдар толығынан тынышталады. Айқай-шу көтеріп, Билікке қарсы шықпайтын болады, бей-берекетсіздіктен айығады. Қоғамда адамдар арасында мейірімділік қатынас орнайды, барлық іс-шара мейірімділік заңдылығы аясында жүріледі. Мемлекеттің қазынасы еселеп артады, барлық қаржы есепке алынып, қазына, қор, холдинг сияқты арнайы жеу үшін құрылған монополист фирмалар түсіріліп, бүкіл кіріске мемлекет өзі ие болады. Бүткіл жер, оның байлығы, мемлекеттің қазынасы халықтың билігіне өтіп, оны басқару мемлекетке тапсырылады. Мемлекетте тәртіп, реттілік пайда болады. Басшылардың қолы бірігіп, ауыз бірлігі артады. Технократтық дамысты жолды таңдайды, еңбергісі Жапонямен біріккен жүз өндіріс салып, соның ішінде «Тоёто» машинасын Астанада өндіреді. Қылмыс, заң бұзушылық азайады, осы тұрғыда күштік құрылымдарының штаты алғашында 30 пайызға азайады. Қоғамда үнемшілдік пайда болады, ел игілігі үшін салынып пайдасын бермей, мемлекетті шығынға батырып тұрған алып құрлыс, ғимараттар есепке алынады, жалға беріледі. Үкіметтік ұйымдардағы қабаттасқан штаттар қысқартылады, осылардан үнемделген ақша халық игілігіне жұмсалады. Мемлекттік тендерлер, кәсіпкерлерге берілетін субсидиялар арнайы қожалардың емес, халықтың игілігіне шешіледі. Өмірге сәйкеспеген, сыңаржақ заң, ереже, стандарттар қайта қаралып,  қазақ тілінде  ұғынықты, кәдеге жарайтын, қолданысқа оңтайлы түрде жазылады. Мемлекет қызыметкерлері (Қазақ азаматтары) қазақ тілін толық  меңгереді. Мемлекеттік ұйымдар азаматтарды кез-келген уақытта бөгетсіз қабылдап, құрметпен қатынасатын этикаға көшеді. Осылай Мемлекеттік ұйымдардың, олардың қызыметкерлерінің беделі артып, абыройы асқақтайды. Мемлекет қызыметкерлері іскерлікке, жасапаздыққа көшеді, қарапайым халықпен мейірімділік аясында қатынасып, қауымға үлгі көрсетеді. Біздің «олигарх санап жек көріп жүрген» қалталы азаматтар өз елінің, жерінің нақты иесі атанып, ірі өнер кәсіп орындарын ашып, оларға мыңдаған азаматтарды жұмылдырады. Мемлектімізге дамудың жаңа жолы ашылады. Әлем елдері алдында Қазақстан мемлекеті әділдік құрған, адам өмірін құрметтеген, мейірімділік заңдылығы жолын ұстанған тұнғыш ел ретінде беделі артып, бағасын БҰҰ беретін болады. Оның үстіне тығырыққа тіреліп, ертең қайтерін білмей отырған көптеген елдердің жолын ашуға көмегін тигізеді.

МЕЙІРІМДІЛІК ЗАҢДЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚҚА

ҚАНДАЙ ПАЙДА БЕРЕДІ

Адамдар арасында өзара мейірімділік қатынас пайда болады. Адамдардың болашағына деген сенімі артып, үрейсіз, қорқынышсыз тірлік қалыптасады. Күнделікті айқай-шу, өсек-аяаң басылып, халық тынышталады. Халықтың мемлекетіне, билікке деген сенімі артып, Отанын ата-анасындай аялайтын болады. Жер, жердің байлығы, мемлекет қазынасы, тапқан табыстың бәрі халқының игілігіне арналады. Адамдар тауар өндірушіге айналады. Еңбек өнімділігі артып, тірлігі көтерілген халықтың ішінде өтірік айту, ұрлық жасау, заң бұзу, қылмыскер болу, аляқтық жасау азаяды. Алауыздық, бақталастық, көралмаушылық, өшпенділік келмеске кете бастайды. Бақытпен байлыққа бөленген халыққа асқақ рух пайда болады, адамдарымыз іскерлікке, жасампаздыққа бет бұрады, нелер мықты данышпандар туып шығады. Адамдардың белсенділігі, тірлікке деген құмарлығы, еңбекке деген құлшынысы еселеп артады. Адамдар бәрін сәлемдесуден, күлімсіреп жүруден, бірін-бірі жақсы көруден, мәдениеттілікпен сыпайы қатынасудан, бір-біріне көмектесуден  бастайды. Әрмен табиғатын, қоршаған ортасын, қаласын аялайтын, қорғап-сақтайтын патриоттық сезім қалыптастырады. Азғындыққа, бей-берекетсіздікке, тәртіпсіздікке, әділетсіздікке жол бермейді, мемлекетін, елін,жерін,отанын, шекерасын тікесінен тік тұрып қорғайтын болады. Атам қазақтың даналығы дарыған, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, мәдениеті, тілі, діні асқақтаған, ұлттық құндылықтарын сақтаған, ар-намысын ешкімге таптатпаған, азғындыққа бармаған, «арын жанының садағасы» еткен әлемдегі ең мейірімді,ақылды халық ретінде Қазақ халқы танылатын болады. Ең негізгісі осы мақсатқа Мемлекетіміздің ұлттық үгіт-насихат жұмысы бағытталып, Мадениет, ақпарат және Ұлттық Идология Министірлігі құрылатын болады. Сөйтіп Адамдардың міндеті мен қоса жауапкершілігін арттырады. Әрбір адамның жауапкершілігін арттыру бұл-тағы бір жеткен жеңістігіміз болып саналады.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *